Ақтау қаласындағы теңіз жағалауы замануи, спорттық көше тренажерларымен жабдықталды. Қала тұрғындарына 14 спорттық құрылғыны аймақтағы белді мекеме «НКОК» компаниясы тарту етті.  

         Енді 15 шағынаудандағы теңіз жағалауына келген қала тұрғындары спортпен айналысып, дене жаттығуларын жасай алады. Бұқаралық спортты дамытуға арналған жағалаудағы құрылғыларды пайдалану тегін.

Теңіз жағалауына көше тренажерлары орнатылды -Салауатты өмір салтын сақтап, тұрғындардың спортпен айналысуына жағдай жасап, әрі қаламызда бұқаралық спортты дамыту үшін «НКОК» компаниясы 14 тренажердан тұратын жинақты орнатып берді. Бұл құрылғыларды күніне 500 адам пайдалана алады. Құрылғыларды сатып алып, орнатуға шамамен 5 млн.дай қаржы жұмсалды. Алдағы уақытта «Ақбота» саябағының ішінен және жоғарғы шағынаудандарға дәл осындай спорттық құрылғылар орнату жоспарланған,-дейді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Берішбаев.

Теңіз жағалауына көше тренажерлары орнатылды  Спорттық жабдықтарды күтіп-ұстау қала әкімдігінің міндетіне жатады. Алайда, әкімдік қызметкерлері әр қала тұрғыны да жауапкершілікпен қарап, ұқыппен ұстаса дейді.

-Жағалауға спорттық құрылғылардың орнатылғанына өте қуаныштымын. Енді бос уақытымда достарыммен бірге келіп, дене жаттығуларын жасайтын боламын. Мұндай құрылғылар әр шағынауданға орнатылса да, артық етпейді,-дейді қала тұрғыны Мирас Орысбек.

Венера МИРЛАН,
Суреттерді түсірген автор Теңіз жағалауына көше тренажерлары орнатылды