Бүгін,11 қазан күні сағат 19:00-де Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрында Әбіш Кекілбайұлына арналған «Әбіш әлемі» атты І халықаралық театр фестивалінің ашылу салтанаты өтеді, — деп хабрлайды mangystaumedia.kz сайты.

Фестивальдің ашылу салтанаты маңғыстаудан түлеген әнші, сазгер Ұлықпан Жолдасовтың ән кешіне ұласатын болады.

Айта кетейік, «Әбіш әлемі» фестиваліне Қазақстан театрлары Ассоциациясының президенті Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы төрелік ететін болады.  Аталған фестивальге Қазақстаннан өзге 6 елдің театры қойылымдарын жұртшылық назарына ұсынатын болады.