ақша жалақы теңге

Медициналық қызметке лицензия алу туралы өтінішті уақытында қаралмағаны және 26 күнге кешіктірілгені үшін Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысына айыппұл салынды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Бұл бұзушылық ҚР МҚІжСЖҚІҚ агенттігінің Маңғыстау облыстық департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру кезінде анықталған. Тексеру ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпаратына сәйкес жасалыпты.

МО Денсаулық сақтау басқармасына «Медициналық қызметке лицензия алу» бойынша өтініш түскен. Заңға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі 2019 жылдың 8 ақпанында берілуі тиіс екен. Алайда қызмет алушы рұқсатты 19 мамырда ғана алған. 26 жұмыс күніне кешіктірілген лицензияға басқарма басшысы Т. Бапиевтің қолы қойылған.

«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне түскен өтініштерді басқарма басшысының көріп бақылауына толық мүмкіндігі болған. Осылайша басқарма басшысы лауазымды тұлға ретінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуына жол берген», — деп хабарлады МҚІжСЖҚІҚ агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментіндегілер.

ҚР ӘқбҚ Кодекстің 465 бабы 1 бөлігіне сәйкес Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бапиев Талғат Әнуарбекұлына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Рұқсат беру мерзiмiн бұзған басшыға 25 250 теңге айыппұл салынды.