— Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) ауқымында Ақтау қаласындағы мемлекеттік емдеу орындары ғана емес, жеке клиникалар да қызмет көрсетеді. Мысалға «Нейрон» ЖШС көпбейінді клиникасы өткен жылы 60 пайыздан астам пациентке тегін қызмет көрсеткен. Биылғы жылы өзіндік рекорд орнатып, клиника 80 пайыздан астам сырқат адамдарға тегін қызмет көрсетті.

«Клиника 2012 жылдан бері ТМККК: стационарлық медициналық көмек және жоғары мамандандырылған медициналық көмек бөлімдері бойынша, нейрохирургиядан, травматологиядан және гинекологиядан және басқаларынан қызметтерді орындайды. 2013 жылы мысалға біз 1464 ауруға қызмет көрсеттік, оның 60 пайыздан астамы тегін, соның ішінде 225 бала бар. Өткен жылы 1603 ауруға қызмет көрсеттік, оның 60-ы — ТМККК бойынша. Егер балалар жасы санатын алып қарайтын болсақ, бізге қаралған балалардың 72 пайызы тегін емделді. 2016 жылдың 3 айында бізге 556 пациент келді, олардың 430-і (78,5 пайызы) ТМККК бойынша. Бізге қаралған 66 баланың 57-сі, яғни 86 пайыздан астамы тегін көмек алды. Тегін операциялар саны да үнемі өсіп отыр, өйткені медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруда жеке медициналық клиникалардың рөлі арта түсіп отыр», — деп атап өтті «Нейрон» клиникасының директоры Борис Чагай.

«Өткен жылы клиникада көз микрохирургиясы бөлімі ашылды. Әуелде бөлімде 8 кереует болса, оның саны екі есеге жетіп, 18 кереуетке жетті. 2016 жылдың І тоқсанында ТМККК бойынша 183 операция тегін жасалды. Клиникада гемодиализ сеанстары да тегін көрсетіліп келеді. Сонымен қатар пациенттер облыстың қай жерінде тұратындағына қарамастан тегін жеткізіледі. Барлығы 10 адамға сеанс жүргізіледі, айына 130-140 сеанс өткізіледі. Бұл көрсеткіштер клиника әкімшілігі 2016-2018 жылдарға арналған «Денсаулық» ҚР денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын және «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындап отырғанын көрсетеді.

Жеке медицинаны дамытуда, мемлекеттік емес ұйымдарға ТМККК ұсынуда, медицналық қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуде «Нейрон» ЖШС ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне, Маңғыстау облысы бойынша медциналыцқ қызметтерге ақытөлеу бойынша департаментіне алғысын білдіреді. — Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев «Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы» АҚ Өңірлік диспетчерлік орталығының (ӨДО) жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құны 1,3 млрд теңгені құрайтын жоба «Маңғыстау ЭБК» акционерлік қоғамының 2014-2016 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

Диспетчерлік орталық энерго жүйесінің ауытқуы кезінде қызметкерлердің қысқа уақыт ішінде жедел әрекет етуіне мүмкіндік беретін жаңа техникалық және бағдарламалық құралдармен жабдықталған. Заманауи технологиялар тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын және аймақтағы энергожүйесі жұмысының сенімділігін айтарлықтай арттырады. Инвестициалық жобанының іске асырылуы кезінде 300-ден астам әр түрлі мамандық иелері тартылды.

Аймақта өңірлік диспетчерлік орталықтың енгізілуімен SCADA (мониторинг және электр желісін басқару объектілерінен түсетін ақпаратты жинау, көрсету және мұрағаттау жөніндегі жүйе) және ЭКЕАЖ (электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматты жүйесі) қолданыстағы элементтер жүйесінің базасында «Зияткерлік желі» жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашылады.

Жаңа өңірлік диспетчерлік орталыққа аумағы 45 шаршы метр болатын бейнеқабырға қондырылды. Онда нақты уақыт режимінде «МЭБК» АҚ электро жүйесінің көптеген нысандарының ақпараты көрсетілетін болады. Бұрынғы диспетчерлік мнемосызбада электр желісін тиімді басқарудың мүмкіншілігі болмаған еді.

«Маңғыстау ЭБК» АҚ-ның 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасына жалпы соммасы 27,7 млрд теңге болатын жабдықтарды жаңғырту және 220 кВ ЖВЖ құрылысын жүргізу бойынша 47 жобаны жүзеге асыру кіреді.

ҚазАқпарат