football Каспий Қайрат

«Каспий» футбол клубы 18 жылдан кейін алматылық «Қайрат» клубын өз алаңында қабылдады. Екі таймнан кейін тепе-тең түскен «Қайрат» ақтаулық команданың қақпасына пенальти соғып алға шықты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

football Каспий Қайрат

Екі команда арасындағы қызу ойын кеше 10 сәуір күні Ақтауда өтті.

18-ші минутта есепті 1:0 қылып алматылық шабуылшы Сұлтанбек Астанов ашты. 58 минутта «Каспийдің» жартылау қорғаушысы Ринат Хайруллин доп соқты.

football Каспий Қайрат

Негізгі және қосымша уақытта 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти белгіленді. Осылайша, алматылық «Қайрат» командасының 6:5 есебімен ұтып кетті.

Айта кетелік, 8 сәуір күні маңғыстаулық «Каспий» футбол клубы мен теміртаулық «Шахтер-Болат» клубының арасындағы ойын өткен еді. Бұл ойында Маңғыстау футболшылары 2:0 есебімен алға шықты.

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ