Адамзаттың Маңғыстаудағы ізгілік мектебі

Мұнайлы ауданындағы №9 орта мектепте «Адамзаттың Маңғыстаудағы ізгілік мектебі» тақырыбында танымдық кеш болып өтті. Танымдық кешке Қазақстанның құрметті журналисі Қожа-Ахмет Демеубергенұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Отыншы Көшбай, аудармашы-ұстаз Нияз Тобыш қатысты.

Кеш барысында оқушылар адамзаттың өлкеміздегі ізгілік мектебінің негізін қалаушылардың өмір тарихымен танысып, фильм тамашалады.

Танымдық кештің мақсатына тоқталған мектеп директоры Гүлжан Асамадинова: – Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» мақаласында көрсетілгендей рухани жаңғыру ұлттың нығаюына қызмет етеді, – деді.

«Ұлттық болмысымыз қаншалықты рухани байлыққа негізделсе мем­лекетіміз соншалықты қуатты болады», – деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, мектептегі тәрбие ұлттық құндылықтарға негізделіп жүр­гізіледі. Адамзат үшін ізгілік мектебінің негізін қалаушылардың өнегесі мен есімдері қоғамымызға қызмет ете береді, ізгілік мәңгі екеніне тоқтала келе оқушыларға ортаға қамқорлық жасау, мектептің көгалдануына, өз ауласының тазалығына мән беру адамгершілік амалдары болатынына, патриоттық дегеніміз осындай жүрек жылуы мен мейрімділіктен баста­ латынына үнемі назар аударуымызға шақырды.

Баяндамашы Қ.Шілдебай «Ізгілік траекториясы» тақырыбында баян­дама жасап, Мұхаммед пайғамбар, Қожа­-Ахмет Яссауи, Шопан ата, Оғыланды, Бекет ата арасындағы байланыстарға тоқталып өтсе, баян­дамашы И.Кенжебаев «Парасат пайымы» тақырыбындағы баяндама­сында Бекет атаның жан­-жақты қырына әлемдік ғалымдардың жоғары көзқарасын келтіре отырып, сол тұстағы тарихи кезеңнің ерекшелігіне тоқталды.

Кеш қонақтары тартымды да әсерлі етіп, өздері куәсі болған оқи­ғаларды тыңдармандарға айтып берді. Бекет ата туралы 20 фильм тү­сірілімінің №1 сериясы тыңдармандарға көрсетілді. Шара соңы жас мамандардың сахналандыруымен әдеби кешке ұласты.

Қабыл ӘБДІРАХМАНҰЛЫ,

мектеп мұғалімі

Тағы оқыңыздар: Сан қырлы Сайын аға