авария

«Toyota Hilux» иесі  бір сәтте 3 көлікке келіп соққан.

Бүгін Ақтауда сағат 13:00 шамасында 4 автомобиль бірдей көлік апатына ұшырады. МАЭК маңында қозғалыссыз тұрған «Nissan Patrol», «Toyota Surf» және «Toyota Rav 4» маркалы көліктерге «Toyota Hilux» келіп  қатты соққан. Сөйтіп бір мезетте көліктер соқтығысы металл үйіндісіне туғызғандай болды.

«Toyota Hilux» көлігінің жүргізушісі басқару тетігін меңгере алмай, ең  алдымен бензин тасушы көлікке келіп соққан. Сол кезде бензин тасушы көлік ТЭЦ-1 жаққа бұрылады, ал «Toyota Hilux»  оны басып озып озамын деп, жолдың жиегінен шығып кетіп, тоқтап тұрған көліктерге соқтығысады.

Маңында аялдама мен айналма жолы бар МАЭК аумағына кіре беріске заң бойынша автомобиль тұрақтай алмайды.

Куәгерлер көлік иелері рұқсат етілмеген орынға машиналарын қойғанын айтып, наразылық білдірді.

— Жол-көлік оқиғасы кезінде ҚР  ӘҚК (әкімшілік құқықбұзушылық кодексі)  610 баптың 1 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама шығарылды. Оқиға ісі сотқа бағытталды, — делінген Маңғыстау облыстық ІІД  жіберген хабарламада.

 «Toyota Hilux»   жүргізушісі 1993 жылы дүниеге келген.

Айгүл ДӘДЕН