4а шағынаудан

Оқиға кеше сағат 11 шамасында 4А шағын ауданы жағалауында болған. 3 демалушы суға батып кеткенімен, құтқарушылар тек қызды аман алып қалды. Ал қайтыс болған ер адамның денесін көп ұзамай құтқарушылар мен Маңғыстау облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі алып шыққан.  Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар бойынша жедел құтқару отряды хабарлады. 

«Жағада 3 демалушы отырды. Қатты соққан желден толқын көтеріліп, оларды жауып кетті. Бір-бірін құтқарғысы келгенімен, олардың әрекетінен нәтиже шығады. Сөйтіп өкінішке қарай демалушылар өздігінен жағаға шыға алмай қалды», — делінген жедел-құтқару отрядында.

Құтқарушылар батып кеткен  екінші жігіттің денесін  іздестіру үстінде. Ол 1985 жылы туылған, 4 шағын ауданның тұрғыны. Денесі табылған азамат 1981 жылы туылыпты. Құтқару отрядының хабарлауынша, ауа райы қолайсыздығынан сүңгуірлер тереңге жіберілмей отыр.

«Құтқарушылар қатарынан алдымен жергілікті полиция көрінді. Жағаға қызды бірінші шығарды. Көз алдымызда екі жігіт батып бара жатты. Бірақ дауыл құтқарушыларға кедергі келтіріп, құтқарушы қайықты жел ысырып әкетті», — дейді оқиғаны көрген куәгерлер.