Биыл Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне 71 жыл және Отан қорғаушы күні қарсаңында Түпқараған ауданы бойынша көзі тірі жалғыз ардагер Ибрәкім Мәмбетұлын құттықтау үшін аудан жастары арнайы барып қайтты. Аудан орталығынан алшақ орналасқан Таушық ауылында тұратын соғыс ардагерін құттықтауға барған «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, Түпқараған аудандық «ЖасОтан» ЖҚ және Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы жастары майдангер отбасында болып, мерекемен құттықтады. Жеңіске жету жолындағы баға жетпес ерлігі мен бізге сыйлаған бүгінгі бейбіт күні  үшін  жастар атынан алғыстарын айтып,  сыйлықтарын табыс етті.  

"Түпқараған жастары" ҮЕҰ жетекшісі Наурызбек Мағдатов

— Ибрәкім ақсақал жастарға алғысын білдіріп, бізе бата берді. Отан қорғаған ардагерімізге көрсетілген құрмет пен қамқорлыққа қарт майдангер ризашылығын білдіріп жатыр.Бізге сол баталы сөзді естудің өзі үлкен тәрбие. Соғыс сойқанында тілерсектен саз кешіп, қанды қырғынды көре жүріп шыңдалған ардагерлердің айтқан естеліктері мен толғаныстары өскелең ұрпаққа өнегелі сабақ деп есептейміз. Көңілімзді білдіріп, жатсардың осындай қуанышты мерекелереде бастамашыл болуы да ардагерлерге көрсетілген құрметтің бір парасы деп есептеймін. Бұл кісілердің айтар кеңестері де құнды. Жанқиярлық ерліктерін өлшем шеңберіне сыйғызу мүмкін де емес. Сондықтан, өшпес ерлікке әрқашан бас иіп, тағзым етуіміз керек»-  дейді жас көшбасшы Наурызбек Мағдатов.

Милана ЕЛЕУСІНОВА