Маңғыстау облыстық ХII«Жасыл ел» еңбек маусымының жабылуы облыстан келген жүзге жуық делегат қатысуымен Түпқараған ауданында ұйымдастырылды. Шараның жабылуында арнайы бағдарламаға сай  делегаттарды Форт – Шевченко қаласының қақпасынан түпқарағандық жастар күтіп алды. Биылғы оқу жылында іске қосылған Форт – Шевченко мектеп – лицейінің ауласына 100 түп жеміс талдары егіліп, ардагер ұстаздар жас талдарға ақ құйды. Тал егу рәсімінен кейін делегаттар этнографиялық мұражайға саяхат жасап, түскі үзіліс «Ақерке Жайық» мейрамханасында ұйымдастырылса, кіші залында «Жастардың белсенділігін арттырудағы еңбектің рөлі» тақырыбында семинар – тренинг ұйымдастырылды. 

Түскі үзілістен соң делегаттар спорт кешенімен танысып, Кір тасын көтеру, «Арқан тарту», «Асық ату» ұлттық ойындары бойынша жарысты. Үш сайыс бойынша 1 орынды Түпқараған ауданының делегаттары, 2 орынды Ақтау қаласынан келген делегаттар, 3 орынды Жаңаөзен қаласынан келген делегаттар жеңіп алды.

Иса – Досан ескерткіші жанында тігілген үйде  өткен еркін форматтағы бас қосуда жастарды «Жасыл ел» жастар жасағының Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Сәкен Саламатұлы, Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлшат Айтбайқызы құттықтап, барлық қатысушыларға дипломдар және ақшалай сертификаттар табыс етті. Еңбек еленіп, жастармен жалынды жұмыстардың басынан табылатын жастар ресурстық орталықтары директорлары Гүлшат Айтбайқызы мен Жадыра Шалабаеваға да алғыс хат берді.

 Айдана МҰРАТОВА
Суретке түсірген Қуанышбек САБАНОВ

img_0668

img_1120

img_0851

img_0926

 img_1212

img_1290