Селфи Маңғыстау жұлдыздары мен қарапайым халқы үшін хоббиге айналды десек артық етпес.  Тек Маңғыстау емес, әрине. Төмендегі суреттер —  селфи жасалып жатқан сәттерден үзінді. Суреттер сөйлейді.  Ендеше, селфи — тың тақырып, жаңа жанр. Орайы келіп, селфиге түсіп жатсаңыз, байқаңыз, сізді сыртыңыздан Талант Құсайын суретке түсіріп тұруы бек мүмкін. Кезекті сурет топтамалары «Таланттың таланттары» деп аталады. 

Анықтама: Селфи (SELF — ағыл. өзі, өзім ) автопортреттің бір түрі болып табылады. Фотосуреттің өзі түсіру арқылы жасалғандықтан, сурет көп жағдайда бір бұрыштан түсіріледі. Жастар мен жас-өспірімдер арасында айнаға қарап селфи жасау өте кең белес алған.  Мұндай суреттер 2000 жылдардың басында тарала бастады. Тіпті, атақты фейсбук, вконтакте шықпай тұрып, адамдар телефонның камерасына өздерін түсіріп, ермек қылған. 

Селфи түсінігінің енуіне себепкер болған қыз екен. 1914 жылы айна алдында суретке түсіп, досына жібергісі келген жас қыздың қолы дірілдегенннен селфи жасау оңай болмағанын айтады. Селфи суреттер Фейсбук секілді желі ішіндегі байланыс құралдары арқылы тез тарап кетті. Қазіргі таңда, әрбір адамның парақшасынан мұндай селфи суреттерді байқауға болады.  (Алмас Нақыпбек)

Айгүл ДӘДЕН

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

30

26

25

24

22

19

21

20

18

17

15

16

13

 

11

10

09

08

07

06

05

04

03

02

01