дәрі укол ауру
Сурет сайт архивінен

Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Е.Ж.Сыдымановтың ұйымдастыруымен жұқпалы аурулардың, қызылша, менингококк инфекциясы, жұқпалы ішек аурулары және тамақтан уланулардың алдын алу бойынша Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы медициналық мекемесі қызметкерлерінің, облыстық, Ақтау қалалық Бекет ата мешіт имамдарының және Мұнайлы аудандық мешіт имамдарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде қызылша ауруының эпидемиологиялық жағ­дайы, менингококк инфекциясы, жұқпалы жіті ішек аурулары және тамақтан уланудың алдын алу шараларын күшейту мәселелері талқыланды.

Мешіттердің үй­-жайларында намаз оқу үшін қолайлы жағдайлар жасалу, тұрақты желдету және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ылғалды тазалау жұмыстарының сапалы жүргізілуі жөнінде, Сауд Арабиясы патшалығына қажылық сапарға баратын адамдарға медициналық тексеру, менингококк инфекциясына қарсы егу жұмыстары туралы және жұқпалы жіті ішек ауруларының, топтасқан тамақтан уланулардың алдын алу мақсатында, мешіттер­де ұйымдастырылатын Айт намазы, садақа дастархандарына қойылатын тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігіне аса көңіл бөлу ту­ралы ақпараттар берілді.

Сонымен қатар әр түрлі жұқпалы ауру­ларға қарсы екпелердің қажеттілігі мен маңыздылығына тоқталды, бірлесе отырып екпеден бас тартқандардың арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтуді алға қойды.

Жыл сайын қажылыққа әлемнің 160 елі­нен 2 миллионға жуық адам қатысады, оның ішінде 3-­4 мың адам Қазақстан Республи­касынан барады.

Ағымдағы жылы қажылыққа бару та­мыз айының басына жоспарланған, ол 20 тамызға дейін жалғасады. Биыл барлығы 3200 адамның қажылыққа баруы жоспарла­нып отыр.

Сауд Арабиясы коронавирустық инфек­ция, менингококк инфекциясы бойынша қолайсыз ел болып табылады.

2018 жылы менингококк инфекциясымен сырқаттанудың өсуі байқалған, ол Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Сол кезеңде ме­нингококк инфекциясының 96 расталған жағдайы тіркелді, оның 15 жағдайы өлім­мен аяқталды. Инфекцияның өршу себебі тұрғындардың медициналық көмекке кеш жүгінуі, өзін­-өзі емдеуі болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы­ның деректері бойынша 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әлемде таяу шығыс респираторлық синдромының коронавирусымен сырқаттанудың 2103 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 730­-ы өліммен аяқталған, оның 80%­-дан ас­тамы – Сауд Арабиясында.

Маңғыстау облысы аймағында 2018 жылы және 2019 жылдың 5 айында менингококк инфекциясы тіркелген жоқ.

2000 жылдары қажылық кезінде менинго­кокк инфекциясының өршуіне байланысты Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі адамдардың қажылық­қа дайындалу мәселесіне қоятын маңызды талабы – ол дәрігердің қорытындысы бар медициналық тексеру және міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялау.

Менингококк инфекциясы – жедел түрде өтетін бактериальды (қоздырғышы Нейс­серия менингитидис) ауа тамшыларымен жұғатын ми мен жұлын қабықшасының қа­бынуымен өтетін жұқпалы ауру.

Инфекцияның басты көздері: ауру адам және бактерия тасымалдаушылар.

Инкубациялық кезеңі 1­-10 күн (орташа 2-­4 тәулік).

Жұғу жолдары:

  • Ауа тамшылары арқылы;
  • Тұрмыстық қатынас арқылы;
  • Тағам арқылы: тамаққа жуылмаған көк­өністер, жеміс­-жидектерді қолдану арқылы;
  • Су арқылы: ашық су қоймаларында не­месе бассейндерде шомылу кезінде.

Этиологиясы. Менингококкты инфек­цияның қоздырғыштары Neisseria menin­gitidis Neisseria тегіне, Neisseriacea тұқым­дастығына қатысты.

Менингококк инфекциясының басты кли­никалық белгілері:

  • Дене температурасының көтерілуі (39­-40°С);
  • Жалпы әлсіздік, құсу, сұйық нәжіс;
  • Қатты бас ауруы, суық тию, жөтел, тамақтың қабынуы,
  • Денеде қызыл жұлдызша тәрізді бөрт­пелердің пайда болуы.
  • Іш пен бұлшық еттердің ауруы, әсіресе мойын бұлшық еттерінің ауруы;
  • Жарыққа қарай алмау, құрысу, мазалану;
  • Сананың шатасуы.

Менингококк инфекциясының түрлері:

  1. Жергілікті:
  • Менингококк тасымалдаушы
  • жедел назофарингит
  1. Гематогенді жайылған түрлері
  • менингококкемия
  • менингит
  • менингоэнцефалит
  • аралас түрі (менингит+менингококкемия) Қажылық кезінде адамдар көп жиналатын орындарда болған кезде жеке профилактикашараларын есте сақтау керек:
  • қолды сабынмен жиі жуу, дезинфекция­лайтын салфеткаларды пайдалану;
  • жөтелген және түшкірген кезде сал­фетканы пайдалану;
  • ауырған адамдармен байланысқа түспеу және олардың жеке заттарын пайдаланбау;
  • адамдар көп жиналатын жерлерде мүм­кіндігінше бір рет қолданылатын бетпердлерді пайдалану;
  • түйелер көп жиналатын жерлерге жа­қындамау және олармен тікелей байланысқа түсуді болдырмау;
  • қайнатылмаған және пастерленбеген түйе сүтін пайдаланбау, сондай-­ақ ұйымдастырылмаған сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;
  • сырқаттанудың кез келген белгісі пайда болған кезде дәрігерге бару;
  • сапардан қайтып келгенде және ауру­дың кез келген симптомы (қалтырау, температураның көтерілуі, сырқаттану, тамақ­тың ауыруы және басқасы) пайда болса, дәрігерге қажылыққа барғанын айтып, тез арада медициналық ұйымға бару қажет.

Маңғыстау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті облыс аймағынан 2019 жылы Сауд Арабия патшалығына қажылық сапарға баратын адамдарды міндетті түрде медициналық тексеруден өткізу, менинго­кокк инфекциясына қарсы егу шараларының облыс бойынша ұйымдастырылатынын ха­барлайды.

Екпені қажылық сапарға кеткенге дейін 15 күн бұрын алу қажеттігілігін ескертеді. Облыс бойынша екпенің ұйымдастырыла­тын жері: Ақтау қаласы, 24-­шағын аудан, Маңғыстау облыстық ауруханасы. Иммун­дау бойынша қосымша ақпаратты 8(7292) 210­-191, 87013018909 телефондары арқылы алуға болады.

Гүлшат ШОРБАСОВА,
Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін
бақылау департаментінің инфекциялық
және паразитарлық аурулар­ды
эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы