Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай Жоғарғы Сотта арнайы шаралар қабылданып, судьялар корпусының талап-тілектері мен ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып жаңа Әдеп кодексінің жобасы жасалды. Жаңа әдеп кодексі судьялардың жүріс-тұрыс ұстанымдарының Банголар принциптеріне және басқа да халықаралық кәсіби этикалық ережелердің стандарттарына негізделген.

10-11 маусымда Венеция қаласында өткен Демократияға құқық арқылы Еуропалық комиссиясының 107 жалпы отырысында қазақстандық судьялардың жаңа Әдеп кодексінің жобасы мақұлданып, бекітілді. Құрамына Еуропа елдеріне мүше барлық 47 мемлекет кіретін бұл беделді халықаралық ұйымға Қазақстан 2011 жылдың қарашасында мүшелікке өткеннен бері комиссия елімізге демократияға құқық арқылы өту мәселелері бойынша кеңес беріп келеді. Жаңа кодексті бүкіл қоғам өкілдері талқыға салып, тиісті толықтырулар мен жаңашылдықтар енгізу арқылы тәуелсіз елдің казіргі сот билігі өкілдерінің келбетіне қойылатын талаптар жаңа сапалық деңгейге көтерілетіні сөзсіз. Сондай-ақ, бұл кодекс жобасының халықаралық сарапшылардың оң бағасын алғаны елім деген әрбір азаматтың жанын куантатындығы анық.

Жаңа Әдеп кодексі бұрынғыға қарағанда ауқымды және судьяның жалпы этикалық ұстанымдары мен кәсіби қызметін атқару кезіндегі, отбасы мен тұрмыстағы әдеп ұстанымдары бөлек-бөлек үш тарауда берілген. Құжат еліміздің бұдан былайғы даму кезеңдерінің міндеттерін орындауға лайықты қызмет етіп, сот жүйесінің беделі мен судьялардың мәртебесін көтереді деп айта аламын.

Гүлмира Сүйеуова 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы