Ақтау қаласы Каспий теңізі жағалауында «Ренессанс-Ақтау» қонақүйі мен «Шлюмберже» кәсіпорны қызметкерлері қайырымдылық марафонын өткізді. 

«Ренессанс-Ақтау» қонақүйінің кадр бөлімі менеджері Рысгүл Демеубаеваның айтуынша, қонақүй ұжымы жыл сайын мұндай марафон өткізуді әдетке айналдырған, ал биылғы марафонның бұрынғылардан ерекшелігі мұнан түскен қаржы қайырымдылыққа берілмек.

— Бұл марафонға әрбір қызметкер көңілден шыққан ақшасын беріп жатыр, қаражат «Адал» қайырымдылық қорына өткізіледі. Қызметкерлер 100 теңгенің өзі  мұқтаж жандарға көмектесе алады дейді. «Көп түкірсе, көл» деген. Адамдар ақкөңіл әрі ерекше қамқор. Ақша адамды байыптайды, кедей де қылмайды. Ал қайырымды жандардың басы біріксе, мүжәлсіз отбасыларға көмектесе алатынымыз анық! Мұндай шаралар міндетті түрде өткізілу керек, жалғасын табуы тиіс», — дейді Рысгүл Демеубаева.

Марафонға қатысушылар «Ренессанс» қонақтары мен қала тұрғындарын салауатты өмір салтына шақырды, қайырымдылық шарасының өткізілу мақсатын түсіндірді.

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

марафон 2

марафон 3

марафон 4

марафон 5

марафон 6