Ақтау гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Е.Қолғанат, Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет капитаны Е.Нұрбергенов, Ақтау гарнизоны әскери полиция бөлімінің аға офицері- уәкілі әділет майоры К.Сайлаубекұлы,  Ақтау гарнизонының әскери полиция бөлімі Әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет майоры М.Сақбаевтың  Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 30153 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің қатысуымен «Сот кабинеті», «Медиация заңы», «Қазақстан Республикасының ҚК-нің, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты сайтында орналастырылған «Сот кабинеті» электронды ақпараттық қызмет көрсету жүйесі арқылы электрондық талап арыздар, апелляциялық шағымдар, өтініштер беру тәртібін түсіндірілді. Сот кабинеті сервисінің басты мақсаты сот жүйесінің айқындығын және қолжетімділігін барша жұртшылыққа танытудағы ең үлкен жетістіктің жаңа енгізілімі екенін айтылды.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға медиация, яғ­ни бітімгершілік – біздің ата-бабаларымыз Қазақ елі­нің дәс­түрлі құқығының не­гі­зінде мыңдаған жылдар бо­йы ұс­танып келе жатқан бі­тім­гер­ші­лік жолы екені, сонымен қатар ме­диа­ция  бүгінгі таңда тәуелсіз елі­міз­дің өркенді жолын жақсы қы­ры­нан дамытуға, оның саяси құ­қық­тық тұжырымдамасы мен баян­ды бағдарламаларына мін­сіз қыз­мет көрсететінін нық се­нім­мен айтуға болатынын жеткізілді.

Әскери қызметшілерге дөңгелек үстел тақырыбтары бойынша жан- жақты түсінік беріліп, заң талаптары толық түсіндірілді.

Е.Нұрбергенов, Ақтау гарнизоны  әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет капитаны