2016 жылы 1 маусымда Ақтау гарнизоны әскери сот ұжымының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына  қарасты «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік мекемесінің 14 шағын ауданда орналасқан тәрбиеленушілеріне қайырымдылық шарасы өткізілді.

 «Біздің мақсатымыз аз да болса, балалардың жүректеріне мейірімділік ұялату»-деді өз сөзінде Ақтау гарнизоны әскери сотының бас маманы Қ.Елдашбаева.

»Жетім көрсең жебей жүр»-деп дана халқымыз айтқандай, жетім балалараға қол ұшын созып, көңілдеріне демеу болғандарыңызға алғысымыз шексіз. Біз де анамыз ғой, балаларды өз балаларымыздай жақсы көреміз, оларға қолымыздан келгенше қамқорлық жасап жүрміз, әрине олардың бақытты болғанын қалаймыз»-деді  облыстық мамандандырылған балалар үйінің директоры С.Балбекқызы.

«Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей,  балаларымыз бейбіт өмір сүріп, жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!»-дегім келеді.

 

                                                          Қызылгүл ЕЛДАШБАЕВА, Ақтау гарнизоны әскери сотының бас маманы