Қазақстан Республикасы соттарының ғимараттары мен аумағында тосын жағдайлар туындаған кезде сот жүйесі қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы,  келушілердің соттарда болуының белгіленген тәртібін бұзу фактілерінің алдын алу және оған жол бермеу, судьялардың, сот жүйесі қызметкерлері мен сот процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті топтасып бұзу көріністеріне жол бермеу мақсатында әзірленген жадынаманы (бұдан әрі — Жадынама) жұмыста пайдалану туралы Ақтау гарнизоны әскери сотында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Маңғыстау облысы Мамандандырылған күзет қызмет басқарамасы  мемлекеттік мекемесінің 1-полиция батальонының 3-взвод командир көмекшісі И.А.Розеев, Маңғыстау облысы Мамандандырылған күзет қызмет басқармасы  мемлекеттік мекемесінің 1-полиция батальонының 3-взвод полиция сержанты Б.Б.Джумаханов, Маңғыстау облысы Мамандандырылған күзет қызмет басқарамасы  мемлекеттік мекемесінің 1-полиция батальонының 3-взвод полиция кіші сержанты Д.Б.Избаева қатысты.

Кеңсе меңгеруші Ж.Қолғанат — кейбір жергілікті соттарда өткізілетін ашық сот процестеріне келуші тұлғаларға кедергі келтіру, сот ғимараттарын күзетуші арнайы орган өкілдерінің іс-әрекеттеріне байланысты бірыңғай талаптардың болмауы, сот мамандарының тарапынан мемлекеттік қызметші әдебі кодексіне сай келмейтін мінез-құлықтың орын алуы сияқты жайттар айтылуда.

Осыған орай, алдағы уақытта мұндай келеңсіз жайттардың алдын-алу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы «азаматтық істер бойынша сот талқылауының ашықтығы қағидасының сақталуы туралы» Нормативті қаулысының талаптарын сақтау бойынша жергілікті соттардың әкімшілік ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы күзет органдарының өкілдері қатыстырылуда.

Өздеріңе мәлім болғандай, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау үшін судьяларға, сот қызметкерлеріне интернет модульдармен, фото-, бейнекамералармен жабдықталған (ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН, ТАҚТАШАЛАР, СМАРТ-САҒАТ) мобильды құралдарды 2016 жылғы 24 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының  ғимараттарына кіргізуге тыйым салынған.

Сіздерден, сотқа келушілерден сот ғимаратына келген кезде ұялы телефондарын арнайы жәшікке салуын  қатаң бақылауға алуды тапсырамын-деп сөзін қорытындылады.

Талқыланған тақырып — өзекті мәселе. Қазіргі таңда бізге де қойылып отырған талап күшейтілді.

МКҚБ ММ 1-полиция батальонының  

3 взвод командир көмекшісі И.А.Розеев