келісім тату

Мұнайлы  аудандық  сотында  ҚРӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен азамат Т-ға қатысты  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  іс  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. отбасы-тұрмыстық қатынастағы балдызы А-ға балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп қорлап тиісіп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамға сыйламаушылық білдіретін әрекеттер жасаған.

Сотта, жәбірленуші А. жездесі Т-мен медиация арқылы өзара татуласып, бітімгершілікке  келгендерін  көрсетті.

ҚРӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен Т-ға қатысты әкімшілік іс жәбірленушімен медиация арқылы бітімгершілікке келуіне байланысты және ӘҚБтК-нің 64-бабына сәйкес сот өндірісінен тоқтатылды.

Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі