Құрметті теміржолшы, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, Мұнайлы ауданынының Құрметті азаматы және аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы Табылды Әміров әйел-қыздардың құрметіне ән салғанда залда орнынан тік тұрып, қол соқпаған  әйел заты қалмады. Теміржолшы ардагер бұл тартуды Халықаралық әйелдер күніне арналған Мұнайлы ауданындағы «Ана — мәңгі, қыз — бақыт» атты мерекелік кеш соңында жасап, концерттің көрігін қыздырды.

«Әу демейтін қазақ жоқ. Мен де бала кезімде болмаса, ән салмайтынмын. Бірақ бүгін сіздер үшін арнайы дайындалдым» деп нәзікжандарға жүрекжардысын арнаған Т.Әміров Ескендір Хасанғаливтің «Атамекен» әнін орындап, оған өзге де ел азаматтары қосылды. Аудандағы, аймақтағы түрлі мәселелерді шешуге атсалысып жүрген азаматтың сахнаға тек құттықтау  немесе халықтың сөзін сөйлеу үшін көтерілгенін көруге көзі үйренген аудан арулары онан мұндай кәдесыйды күтпегенін атап, мәз-мейрам болып тарасты.

фото Табылды Әміров Мұнайлы Маңғыстау депутат қоғамдық кеңес

IMG_0254

IMG_0245

-Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында елімізде қыз-келіншектерге көп қамқорлық көрсетіліп, мүмкіндіктер жасалуда. Соның нәтижесінде әйел азаматшаларымыз бүгінгідей құлпырып, жетістіктерге жетіп, қоғамда да, отбасында да өз орнын тауып жүр. Лайым сондай жақсылықтарды сезініп, ардақты аналарымыздың, қырмызы қыздарымыздың мерейі арта берсін»,-деді ол өз сөзінде.

Шахида ЖҰМАН