ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 31 қаңтардағы Жолдауында Жаңғыртудың жаңа бағыты төмендегідей 5 басымдылығын атап көрсетті.

  1. Тәуелсіз Қазақстанның жаңғыру кезеңдері:

І.   1991-1997 жж. Жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңі;

ІІ. 1997-2017 жж. Елді артта қалған аймақтан шығарып, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосу жолындағы жаңғырту кезеңі;

ІІІ. 2017-2025 жж.  «Қазақстан-2050» Стратегиясының басым бағыттарын жүзеге асыру. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндеттері.

  1. Үшінші жаңғыру кезеңінің басымдықтары:

Бірінші  басымдық— экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.Міндеттері:

-Цифрлық технологияны барынша кең түрде қолдану, жаңа индустрияларды өркендету, цифрлық қызмет көрсету-онлайн-қызмет, мобильді банкинг, ІТ саласын дамыту, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру.

-Жаппай автоматтандыру, робот, жасанды интеллект, компьютерлік ақпарат алмасу, электромобильдер шығару, «Жасыл экономикаға» басымдық беру,  т.б.

-экспорт стратегиясы. Отандық тауар өндірісін дамыту, өндіру, өткізу,сату жүйесін жаһандық сауда желісіне (ДСҰ) бейімдеу.

-аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру. Экологиялық таза тағамдар өндірісін дамыту. Қазақстан астығы әлемдік деңгейде жоғары бағалануда. Евразиядағы «Нан кәрзеңкесі» атанып, әлемдік бәсекеге қабілетті болуы.

-Евразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында екі жыл ішінде өңірімізде салынған жолдар: Бейнеу-Жезқазған, Өзен-Түркменстан-Горган (Иран), Боржақты-Ерсай теміржолдары, Жолдауда атап айтылған Құрық паром өткелінің І кезеңінің іске қосылуы. Ақтау-Бейнеу, Шетпе-Жетібай-Ақтау автожолдарының салынуы, Биыл 4400 км республикалық маңызды автожолдар салынады.

Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.

-кәсіпкерлікті барынша дамыту және  қолдау көрсету. Дүниежүзілік банк рейтингісі негізінде өңірлерде бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар туғызу. Мемлекет-жекеменшік серіктестіктің аясын кеңейту. Кәсіпкерлікті дамытуға дамыған елдердің озық стандарттарын батыл енгізу

Үшінші басымдықмакроэкономикалық тұрақтылық.

Еліміздегі қаржы секторын қайта жаңғырту. Салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу. Отандық тауар өндірушілер мен шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны оңтайландыру.

Төртінші басымдықадами капиталдың сапасын жақсарту.

-Білім жүйесінің рөлін арттыру. 12 жылдық білім беруге, үш тілділік оқытуға кезең-кезеңмен өту, Қазақ тілінің басымдылығын айрықша назарда ұстау. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымыздың уызына қандыра өсіріп-тәрбиелеу.

Тегін кәсіптік білім беру, жастарды жұмысшы кәсіптерін игеруге ұмтылдыру. Кәсіптік білім беруді еңбек нарығының табаптарына сай, үздік әлемдік стандарттар негізінде оқу-өндірістік тәжірибеге сәйкестендіру.

-Денсаулық сақтау жүйесі жаңа талаптар деңгейіне көтерілуге тиіс. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі әлемдік тәжірибеге негізделген, халық денсаулығын қорғаудың ең тиімді жолы. Денсаулық сақтау саласын барынша ақпараттандыру. Дәрі-дәрмектер бағасын қолжетімді деңгейде ұстауды қатаң бақылауға алу.

-Әлеуметтік қамтамасыз ету. Зейнетақылардың 20 пайызға өсуі, Жаңа туған сәбилерге бір реттік жәрдемақыны өсіру. Мүгедедектерге, асыраушысынан айрылған отбасыларға жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек өсіріледі.

Бесінші басымдықинституционалдық өзгерістер, қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары.

-Заңның үстемдігі. Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту. Сот жүйесіне сенімділікті нығайту.

-Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу. Интернет, әлеуметтік желілер арқылы насихаттаудың жолын кесу амалдары. Жақында Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі  мемлекеттік бағдарлама қабылданады.

-Сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жою мақсатындағы шараларды мейлінше кеңірек жүргізу. Сатып алу жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, бұл жүйедегі сыбайластықты жою.

Жолдауда атап көрсетілген міндеттер еліміздің әр азаматына уақыт талабына лайықты ұсынылған және елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындауымыз қажет. Сонда ғана Қазақстан қарқынды дамып, биік  белестерге  жетеді.

Нұрлан Тәжібаев, Мұнайлы ауданының әкімі