Тауық ұрлағанға – тоғыз жыл!

Елді тонағанға – екі ай!

* * *

Қатардан кем, қор болғанша –

«Бата алған» жемқор бол!

* * *

Байлық – көп,

Айлық – аз!..

* * *

Жақсысын жасырып,

Жаманын асырып!..

* * *

Әкенің қарамайды шамасына,

Жоқ болса да – шайқап төгет!

Бастауыштағы баласына

«Крутой» айфон, айпад керек!..

Мұрат Жетекбай