экспо
  1. Бүкіләлемдік жетістіктер көр­ме­­­лерінің тарихы 1851 жылы Лон­дон қаласында өткізілген «Барлық ха­лық­тардың өнеркәсіптік жетіс­тік­терінің ұлы көрмесінен» бас­тау алған. 65 жылдан астам тари­хы бар ЭКСПО көрмесі жа­һан­­дық экономикалық форумдармен теңеседі. Ал туристерді тарту жа­ғы­нан бұл халықаралық шара Олимпиада ойындарымен пара-пар.
  2. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі 2017 жылғы маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі.
  3. ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы — Болашақ энергиясы»
  4. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялары қатысады деп жоспарланған.
  5. Жалпы алғанда көрмеге 2 миллионнан астам келушілер мен шамамен 5 миллионнан аса сапарлар болады деп күтіледі.
  6. ЭКСПО-2017 — маңызды ұлттық экономикалық инфрақұрылымдық жоба.
  7. Жоба дағдарыс кезінде жаңа жұмыс орындар ашып, кәсіпорындардың тынысын кеңейтуге мүмкіндік береді.
  8. «ЭКСПО-2017» көрмесіне жасыл технологияларды әзірлеу және енгізу бойынша әлемдегі аса ірі көшбасшылар қатысады. Әлемдік дағдарыс жағдайында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бюджетті Көрме функцияларын жоғалтусыз 131 млрд. теңгеге қысқарды.
  9. Бүгінгі таңда 103 мемлекет және 17 халықаралық ұйым аталған көрмеге қатысатынын растаған.
  10. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде таныстырылатын баламалы энергетика және «жасыл» экономика саласындағы 30 үздік стартап-компанияны таңдалды. Таңдалған жобалардың көбісі Израильге тиесілі. ЭКСПО-2017-де энергетика саласындағы өз әзірлемелерін Eco Wave Power, Farm Dog, GreenQ, HomeBiogas, Tevva Motors Ltd, Unleash the light компаниялары ұсынады.
  11. 2016 жылдың 10 маусымынан бастап астана қаласында «Экспо -2017» халықаралық көрмесіне билеттерді онлайн сату басталды.
  12. Астана Көрмесінің билеттік бағдарламасы ЭКСПО өткізудің әлемдік тәжірибесінде бірегей болып табылады.
  13. ЭКСПО-2017 туризмді дамытуға жол ашады. Көрме аясында халықаралық туризмнің өркендеуіне қолайлы ахуал қалыптастыру мақсатында миграциялық жағынан қауіп-қатер туғызбайтын елдердің азаматтарына еліміздің аумағына кедергісіз енуге, туристік маршруттармен емін-еркін саяхаттауына жағдай жасалады.
  14. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен бірлесе, 33 туристік маршрут қалыптастырылды. Халықаралық көрмеге келген туристерді осы маршруттармен аралату жоспарланып отыр.
  15. Павлодарда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде Баянауыл аумағына әуе рейстерін ұшыру көзделуде.
  16. Шетелдік туристермен еркін байланыс орнату мақсатында ЭКСПО көрмесіне тартылатын ішкі істер органдарының 1600 қызметкеріне ағылшын тілінің курстары ұйымдастырылды.
  17. «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы халықаралық көрме аумағында қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру операторларын таңдауды бастамақ. Ол үшін жыл соңына дейін ашық байқау өткізіліп, тиісті талаптарға сай келетіндер іріктеліп алынады.
  18. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК мен Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
  19. ЭКСПО-2017 нысандардың құрылысында Қарағандының металл құрылымдары мен құбырлары пайдаланылуда. Қарағанды облысының кәсіпорындары 2015 жылы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі нысандарының құрылысына өнімді жеткізу арқылы 8 млрд. теңгеден астам пайда тапты.
  20. ЭКСПО-2017 көрмесі мәдениет саласында да белсенділікті арттыруда. «Абайдың балалық шағы» мультфильмі ЭКСПО-2017 кезінде көптеген елдерде көрсетіледі.
  21. ЭКСПО-2017 көрмесінен күтілетін нәтиже көп. Шет елдік сарапшылар пікіріне сүйенсек, «Жасыл экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау» жобасы су секторында «жасыл тәжірибені» кеңінен таратуға негіз болады.
  22. Баламалы энергетика облысында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұрған ел ретінде Жапония ЭКСПО-2017 көрмесінде өзінің ЖЭК саласындағы ең тамаша жетістіктерімен таныстыратындығын мәлімдеді.
  23. ЭКСПО-2017 аясында Бүкіләлемдік туристік ұйыммен бірлесе отырып, туристік форумның өткізілуі туралы келісімге келді, сондай-ақ, дүние жүзінің 165 мемлекеті қатысатын World Boxing Council Конвенциясының 55 жылдық мерейтойы мен кәсіби бокс кешін ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойылды.
  24. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 3000-нан аса ерікті жұмылдырылады. Еріктілер қатарына тағы да мың жарым адам алынады. Маңғыстау 150 ерікті қатысады. 18 бен 80 жас аралығындағы кез-келген адам еріктілер қатарына қосыла алады. Тек қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі    қажет.
  25. Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағындағы тұрғын үйлердің құрылысы 90 пайыз дайын.

Материалды ғаламтор беттеріндегі деректер
бойынша дайындаған Голрох Жеменей