Қазақстан Республикасының Президенті тиімді басқару ниетінде мемлекеттік қызметкерлердің білуі қажетті жоғары рухани жауапкершілік, кәсіби білім және оларды тәжірибе жүзінде қолдана білу, адалдық, белсенді өмір позициясын негізгі сапарлар деп атап көрсетті. Мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының барлық маңызын білуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға, жыл сайын бюджет есебінен оқытуға қомақты қаржы бөлініп отырылады.

Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде, мемлекеттік қызметкердің оң имиджі мен беделі – бұл мемлекет беделінің бір бөлігі. Мемлекетімізде жоғары кәсіби мемлекеттік қызметтің қалыптасуы, олардағы басқару құрылымдарының міндеттерінің сапалы жүзеге асуы, бұл көп жағдайда мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты болып келеді.

Мемлекеттік қызметкерлердің және жалпы биліктегі мемлекеттік органдардың барлық басшыларының жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Осыдан мемлекеттік қызметкерлердің иығына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады. Осы тұрғыда Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсесінің мемлекеттік қызметкерлері де үдеден шығу үшін аянбай еңбек етуде екенін айта кеткен жөн деп ойлаймын.

Гулзада Бозаева
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы