ақша жалақы теңге

Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс 34-ші сессиясы 2019 жылы 6 тамызда өтті. Оған қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері мен бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарының бюджеті қаралып, өзгерістер енгізілді.

Сессияда алғашқы мәселе бойынша сөз алған Қызылсай ауылы әкімі Расул Абишаев ауылдың ағымдағы жылға арналған бюджетінің жалпы кірістер көлемі 345 млн. 889 мың теңгені құрайтынын, оның ішінде салықтық түсімдер 7 млн. 565 мың теңге, сувенсия 338 млн. 324 мың теңге екенін жеткізді.

Жаңаөзен ауылдарының бюджетіне өзгеріс енгізілді

— Ауыл бюджетінің шығындар көлемі болса 351 млн. 135 мың теңге. Нақтылап айтар болсақ, ауыл әкімі ап­паратын ұстау 34 млн. 341 мың теңге, мұқтаж жандарға үйден әлеуметтік көмек көрсету 1 млн. 802 мың теңге, мәдени демалыс жұмысын қолдау 39 млн. 155 мың теңге, білім беру мекемелері шығындары 223 млн. 373 мың теңге, көшелерді жарықтандыру 26 млн. 819 мың теңге, санитария жұмыстарына 16 млн. 601 мың теңге, абаттандыру және көгалдандыру 8 млн. 832 мың теңге, дене шынықтыру және сауықтыру, оған қоса спорттық іс-шаралар өткізу 212 теңге. 2018 жылдан қалған 5 млн. 246 мың теңге осы сессияда шығын көлеміне енгізілді, — деді Р.Абишаев.

Дәл осындай мәселе бойын­ша депутаттардың қарауына қатысқан Теңге ауылы әкімі Сәрсенбек Қалаубаев ауыл бюджетінің мән-жайымен таныстырып өтті. Мәліметінше ауылдың биылғы жылға жалпы кірістер көлемі 515 млн. 285 мың теңге болса, ал шығындары 531 млн. 679 мың теңгені құрауда. Ал, Рахат ауылы әкімінің міндетін атқарушы Райымбек Сырымов ауылдың жалпы кірістері көлемі 700 млн. 368 мың теңге, шығындар көлемі 733 млн. 816 мың теңге екенін жеткізді. Осы мәселелер бойынша сессияға қатысқан қалалық мәслихат депу­таттары шешім қабылдап, қарсы, қалыс қалғандары болмады.

Сонымен қатар, отырыста бірқатар халық қалаулылары мара­патталды. ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ру­хани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласында жарық көрген «Алтын Қыран 2019» республикалық энциклопедиясына енген қалалық мәслихат хатшысы С.Мыңбай, қалалық мәслихат депутаттары Н.Самаликова, І.Қалдамановқа «Алтын Қыран» төсбелгісі табысталды.

Жазира АҚБЕРГЕНОВА