Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы С.Алдабергенов «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-нің кәсіби медиаторлары: Ә.Е.Кемаладинованың, Н.К.Сатканованың  Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет капитаны Е.Нурбергеновтің, Ақтау гарнизоны әскери полиция бөлімінің аға офицері- уәкілі әділет майоры К.Сайлаубайұлының, Ақтау гарнизоны әскери полиция бөлімінің офицері- уәкілі аға лейтенанты М.Ерназаровтың, 29011 әскери бөлімінің командирінің заң мәселелері бойынша көмекшісі подполковник А.В.Шпилевтің қатысуларымен  «Ашық есік күнін»  өткізді.

Бұл іс-шара медиация институтының әлеуметтік және құқықтық жанжалдардың алдын-алу, шешу, сондай-ақ дауларды сотқа дейінгі реттеу механизмі ретінде дамыту, оны халық арасында даулар мен жанжалдарды шешудің соттар мен құқық қорғау органдарының қатысуынсыз жүргізілетін келешегі зор және баламалы әдіс ретінде насихаттауға бағытталған.

Аталған іс- шараға қатысушылар өздеріне қажетті мәліметтерді толық алды.

Е. НУРБЕРГЕНОВ
Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасының
аға прокуроры әділет капитаны