jylky жылқы
Сурет yarnovosti.com сайтынан

Басынан ауыр жарақат алған 13 жасар балаға Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері шұғыл ота жасады. Ата-анасының айтуынша, баланың бетінен ат тепкен. Қазір науқастың жағдайы жақсы, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

«Бала Түпқараған ауданындағы Сайын Шапағатов ауылында тұрады. Ата-анасының айтуынша, аттан құлаған кезде жануар артқы аяғымен баланың бетінен теуіпті. Оқиға 26 наурыз күні  болған», — деп мәлімдеді МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Маңғыстаулық дәрігерлер бетінен ат тепкен балаға ота жасадыДәрігерлер балаға «ашық бас сүйек-ми жарақаты, маңдай қуысы мен сол жақ көз ұяшығының ішкі қабырғасының сынуы, бас миының ауыр дәрежедегі жарақаты, мұрыннан қан ағу, мұрын сүйегінің сынуы, 2-3 дәрежелі зақымданудан есеңгіреу, қансыраудан болатын анемияның ауыр түрі» деген диагноз қойған.

Мұрын сүйегі қозғалған балаға лор дәрігер шұғыл ота жасаған. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Үйіне шығуға дайындалып жатыр.