Жыңғылды мектеп

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ауданымыздың түпкір-­түпкірінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі, жуыр­да Жыңғылды мәдениет үйінде «Болашаққа нық сеніммен» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ауыл жастары ара­сында бағдарламаны жан-­жақты талқылап, насихаттауды мақсат еткен жиынға бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жар­қын болашағын жасау жолында еңбек етіп жүрген ұстаздар, еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жастар, балабақша тәрбиеші­лері, ауыл әкімшілігінің жас мамандары, мәдениет үйі ұжымы белсене қатысты.

Елбасының «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» деген сөзі әлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Тіпті бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық. «Мен жастарға сенемін» деп, М.Жұмабаев жырлағандай егенмен елдің тізгінін ұстар жас ұрпақты қашан да қолдап, дұрыс бағдар беріп отыруымыз қажет. Осы рет- те, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының орны ерекше. Жастар бойындағы рухани жаңғыру және отаншылдық қасиеттерін көтерудің бірден-бір кілті – жастарға дұрыс білім беріп, ғылымға тарту. Жастардың билікке келуі, олардың сауаттылығы мен ел басқаруда әр Қазақстандық жас осы мақаладағы көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар негізінде жұмыс жасауы керек.

Дөңгелек үстел барысында, мақалада айтылған басты мәселелер талқыланып, тренингтер өткізілді, жастар өз ойларын ортаға салды.

Елімізде жүргізіліп жатқан сан  түрлі  саяси, экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық реформалардың жемісін көретін де, оны дамытып, жүзеге асыратын да, бүгінгі жас буын өкілдері екені анық. Тәрбиесі мен тәлімі жоғары, білімі мен тәжірибесі үздік, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған қоғам мүшесі болуға талпыну — бүгінгі ұрпақтың алдында тұрған басты міндет.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстауда шекараны теңіз арқылы заңсыз кесіп өткендер ұсталды

«Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір» — дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аудару. Міне, бойларын еліне деген сүйіспеншілік кернеген жастардың жиындағы сөздері осындай болды. Жалынды, жігерлі жастардың сөзін аға буын өкілдері де қолдап, өздерінің ақыл кеңестерін берді, өмірлік алған сабақтарымен бөлісті.

Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылу үшін тер төгеміз. Ел сенімін, үмітін ақтау – жастардың қолында.

Ақерке ЖҰМАХАН,

Жыңғылды ауылы