Бүгін Қарақия ауданында «Біздің денсаулығымыз — өз қолымызда» атты денсаулық фестивалі өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында кең көлемде ұйымдастырылған шараға аудан көлемінде екі мыңнан астам адам қатысып, оны көрермен қауым тамашалады.

Таңғы сағат 8-де Құрық ауылына кіре берістегі «Шипалы су» ғимаратынан бастау алған марафон орталық стадионға дейін жүгіріп барды. Қалың нөпірге айналған марафоншылар сапында аудан әкімі мен орынбасарлары, барлық мемлекеттік қызметкерлер мен жастар, мектеп оқушылары мен еріктілер бар.

Салынғанына екі-үш жыл ғана болған стадионға жетісімен спорттық жаттығулар жасап екі мың адам «Қара жорға» биін биледі. Буын биі әрі мерекеге сән берсе, әрі дене қозғалыстарының жаттығуына ұқсайды. Спорттық жаттығулар жасалып, каратэ-дошылар мен аяқ допшылар өнер көрсетті.

Бұдан соң аудан әкімі жиналған қауымды денсаулық мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі. Мерекелік шараға белсене қатысқан бір топ мекемені марапаттады. Осы кезде стадионда орналасқан денсаулық шатырында жиналған қауым денсаулығын тексертіп, қан қысымдарын өлшетіп жатты. Марапаттау рәсімінен кейін жастар, спорт саңлақтары мен оқушылар аудан әкімімен бірге естелік суреттерге түсіп, ағаларына қол жеткізген жетістіктерін айтып берді. Жас спортшыларға аудан әкімі де дем беріп, биік жетістіктерге жету үшін талмай еңбектеніп, спортты әр күн серік етуді тапсырды.

Шынар КЕНДІН