Тұрғындар арасында дұрыс тамақтануды қалыптастыру, азаматтарға сапалы тағам өнімдерін ұсыну мақсатында өткен сәрсенбі күні аудан көлемінде акция өткізілді.

Акция Жетібай ауылының орталық базарында, Құрық ауылындағы көпшілікпен сауда-саттық жүргізетін жеке кәсіпкер Д.Оразовтың «Ырысбибі» дүкенінде жүргізілді.

Акция жұмысына Қарақия аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен аудандық «Ұлттық сараптама орталығы» аудандық филиалының мамандары қатысты. Шара барысында сауда орындарындағы тағам түрлері: сүт өнімінен 3 сынама, ет тағамы өнімдерінен 2 сынама тексеруге алынып, зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде талаптарға сай келмейтін сынамалар анықталған жоқ.

Сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Қауіпсіз тағам таңда!» тақырыбында лекция оқылды.

Ж. СЕЙДАХМЕТОВА, Аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы