АСТАНА. ҚазАқпарат — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін», делінген Жарлықта.