Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Gime Zone» компьютерлік клубының операторы Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Аталған клубтың операторы өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамай, 2016 жылғы 22 тамызда 22 сағат 26 минутта кәмелетке толмаған тұлғаның түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген.

Сотта құқық бұзушы құқық бұзушылық дерегін мойындап, соттан жаза тағайындау кезінде жанұялық және материалдық жағдайын назарға алып, айыппұл сомасын төмендетуді сұрады.

Құқық бұзушының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция қызметкерінің баянатымен және істегі басқа да құжаттармен дәлелденеді.

Құқық бұзушының әрекеті Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабының 1-бөлігімен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы деп  дәрежеленген.

Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін сот әкімшілік айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартып, құқық бұзушыға 44 541 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза қолданды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты