пара

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Елбасының  қатаң талабы —  сыбайлас жемқорлықты болдырмау, онымен барынша күресу. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 6-бабына сәйкес  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдар деп барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар  өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті делінген. Кез-келген мемлекет құқықтық жүйесінің негізгі прициптеріне, сәйкес,  адалдықты және параға сатылмаушылықты, ашықтық пен жауапкершілікті бейнелейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді  саясатын жүргізеді.

Осы талаптарды біле тұра, кейбір азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер қателіктер жібереді. Мүмкін, заңды білмегеннен, әлде бір жолға ештеме болмас деп, қаншама адамдар өзінің көп жыл атқарған жұмыстарын, көп жыл бойы жинаған тәжірибелерін жоққа шығарады.

Барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлық бойынша жұмыстар жүргізіледі. Дегенмен, әлде де сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу қажет. Осы мәселеге қатысты іс шараларды ашық, жариялы түрде жүзеге асыру қажет.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық, кеден және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары жүзеге асырады. Дегенмен, көбісі, қасында жүрген қызметкердің дұрыс жолдан тайып жүргенін байқасада, мән бермей, «өзі білсін» деген идеология қалыптасып кеткені байқалады. Осындай көзқарас – жемқорлыққа жол береді. Егер Қазақстан азаматы қасында жүрген қызметкерге дұрыс жол сілтеп, жасап жүрген қылығы дұрыс емес екенін сыпайы түрде жеткізіп, адамдар бір-біріне жаны ашып, келешегіне қауіп төніп тұрғанын, тек қана өзін ойламай, ата-аналарын, бауырларын, жанұясын қорғау үшін дұрыс жолмен жүргенін қалайтынын айтып жеткізіп отырса, қасындағы адам ойланар, мүмкін айтқанын тыңдап, мұндай жолға түспеуі мүмкін болар еді.        

Сондықтан да, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.

Ақмарал Абилдина
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының жетекші маманы