bekire бекіре балығын

Маңғыстау облыстық ЖПҚ табиғатты қорғау полиция қызметкерлері Түпқараған ауданында үйлердің бірін тексеру барысында 1 тоннаға жуық бекіре балығын тәркіледі, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Тексеру 6 мамыр күні сағат 18:30-да шамасында жүргізілген. Полицейлер аудандағы Сайын Шапағатов ауылындағы үйлердің бірінен 224 дана бекіре тұқымдас балық түрін анықтап, тәркіледі. Балықтың жалпы салмағы — 971 келі.

bekire бекіре балығын

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабы 1 бөлігімен Түпқараған ауданы полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетелік, бұл бап бойынша құрып кету қаупi төнген жануарларды заңсыз алғаны, иемденген, сақтағаны үшін 3 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Суреттерді МО Полиция департаменті ұсынды