sambo Dombayev Нұркен Домбаев

​Семей қаласында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен ел біріншілігінде маңғыстаулық Нұркен Домбаев алтыннан алқа тағып, ҚР чемпионы атанды. Қуанышты жаңалықпен балуанды жарысқа дайындаған білікті бапкер Берік Жұмағалиев бөлісті, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

sambo Dombayev Нұркен Домбаев

Боз кілемде 52 келі салмақта белдескен жерлесіміз, «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балуаны Нұркен Домбаев қарағандылық, атыраулық, ақмолалық, шымкенттік қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, жеңіс тұғырынан көрініп, аймақ абыройын асқақтатты.

Нұркен Домбаев осымен төртінші рет ҚР чемпионы атанып отыр. Намысты балуан бұған дейін үш дүркін Азия чемпионы, Әлем кубогінің иегері атанып және Әлем чемпионатының қола жүлдесін қанжығалаған болатын. Соның нәтижесінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленді.

sambo Dombayev Нұркен Домбаев

— Үздіксіз дайындық пен ұзақ уақыт еңбектің нәтижесінде бүгінгі жарыстың чемпионы атанып, алтын медальді қанжығаладым. Сонымен қатар маусым айында Индияда өтетін Азия чемпионатына және қараша айында Кореяда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алдым. Жарысқа дайындаған, әрдайым қолдау көрсететін мектебіміздің басшысы Манарбек Бисекенов пен бапкерім Берік Жұмағалиевқа зор алғысымды айтамын, — дейді​самбодан ҚР чемпионы Нұркен Домбаев.

«Самбо күресінің академигі» Керей Қойшыбектің құрметіне ұйымдастырылған ҚР чемпионаты ​ 5-7 сәуір аралығында Семей қаласында өтті.

sambo Dombayev Нұркен Домбаев