мұнай

— Жетекші мұнай биржаларындағы бейсенбілік сатылымның қорытындысы бойынша,  мұнайдың әлемдік бағасы арзандаған. 

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржалары сайттары осындай мәлімет таратып отыр.

Лондондағы Inter Continental Exchange (ICE) — ICE Brent Crude Futures-те алдағы айда мұнай фьючерстерін жеткізудің орташа құны 46,4 (-2,4)/доллар/барр. болған.

Light Sweet Crude Oil келісімшартымен New York Mercantile Exchange (NYMEX) келесі айда мұнай фьючерстерін жеткізудің орташа құны бір баррельге 45,14 (-2,29) долларды құраған.

ҚазАқпарат