Рахат ауылы әкімшілігі мерекеге орай елді мекеннің елуден аса балдырғанына сый жасады. Балаларды «ZIBA» сауда ойын-сауық кешеніне апарып, «Aimok» заманауи балалар ойын алаңшасында қалауынша ойнауларына мүмкіндік туғызды. Сондай-ақ, шараға атсалысқан халық қалаулылары мен жеке кәсіпкерлер мерекелік дастархан жайып, әр балаға сыйлық тарту етті.

Балғындар үшін бұл күн ерекше болды. Олар түрлі музыкалық ойын автоматтарымен, әткеншектермен, мәшиналармен жарысып ойнады. Жинаған ұпайларына қарай ойыншықтар ұтып алды. Балалардың жүздері қуаныштан бал-бұл жайнап, ата-аналар көңілді уақыт сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.
Мерекелік жиынға Рахат ауылының тұлдыр, жартылай жетім, көпбалалы, мүжәлсіз отбасы балалары мен даму мүмкіндігі шектеулі жеті мен он екі жас аралығындағы жеткіншіктер арнайы шақыртылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Ақбаян ЖАЗЫҚБАЙ