Мұрат Өскінбаев атындағы балалар саз мектебінің оқушылары Атырау қаласында өткен «Ақкөгершін» байқауынан жеңіспен оралды.

Бұған дейін бірнеше өнер додаларында жүлдегер атанып жүрген білім ордасының шәкірттері осы ретте де ұстаздарының сенімін ақтап, І,ІІ,ІІІ-ші дәрежелі лауреат атанды. Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған дарындылар байқауына Жаңаөзен қаласынан жеті балғын қатысып, фортепиано сыныбының шәкірті Мадияр Жаңабай ІІ, дуэтте өнер көрсеткен Бейбіт Нұғман және Тұмарис Шүкірбаева І, сырнайшы Ғалымжан Мұса ІІ, Жадыра Сүлейова және Хамзат Серікбай ІІІ, қобызшы Ақтолқын Жақсылық ІІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңіспен оралғандарды қаланың кіреберісінен бір топ жаңаөзендіктер құттықтап, қарсы алды.

Жаңаөзен-Ақпарат