«Безбен» ҚҚ  Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының 2017 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау барысында «Өңірде жастар кәсіпкерлігін қолдауға және қаржы сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда.

Осы жобаға байланысты өткен аптада Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мәжіліс залында семинар-тренинг өткізіліп, оған Құрық орта мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері  мен  жас мамандар қатысты. «Безбен» қоғамдық қорының директоры Д.Баданова қатысушы жастарды әлеуметтік жобаның ішіндегі бизнес-жоспарлау, компютерлік және қаржылық сауаттылық, бухгалтерлік әрі салық есеппен мемлекеттік сатып алу туралы таныстырып өтті. Сонымен қатар қатысушылар бизнес-жоспарды қалай қорғау, нарықтық мүмкіндікті саралау туралы және маркетингпен танысып Қана қоймай, көрсетілген тақырып бойынша арнайы тапсырма мен жұмыстарға тәжірибе алмасты. Тренинг барысында қаржылық, бизнес жүргізу кезіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қалай пайдалану керектігі  түсіндірілді. Оған қоса заманауи әдістер мен таныстыру технологияларын қалай қолдану керектігі ескертілді. Қатысушы жастар аталған тренингтен өздеріңе қажетті пайдалы кеңестер алды. Бұдан соң қатысушы жастар арасында сұрақ-жауап сағаты өтті. Олар бос уақытында қандай сүйікті жұмыстармен айналысатындығы, қолөнерге деген әуестігі, оқудан, жұмыстан тыс табыс көзі деген сияқты өнерлерін ортаға салды. Тоқсан ауыз сөздің түйіні, бұл жоба жастар арасында үлкен қызығушылық туғызып, бизнес-бастауға деген ынтасын күшейтті. Семинар соңында Д.Баданова қатысушыларға рахметін айтып, осы тақырыпқа байланысты алдағы уақытта семинардың жалғасын табатындығын жеткізді.

Майра ТӨЛЕУОВА, «Қарақия» газеті