10 маусым үш жылдан бері Қазақстан кәсіподақтар күні ретінде тойланып келеді. Соған орай, «Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.  

Шараға қала және облыс әкімдігі қызметкерлері, облыстағы мұнай-газ саласындағы мекемелердің басшылары, кәсіподақ саласында қызмет еткен кәсіподақ ардагерлері, сонымен қатар, жергілікті кәсіптік одақ төрағалары мен кәсіподақ белсенділері қатысты.

Ақтауда Кәсіподақтар күні атап өтілді

Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз етуде кәсіподақтар елеулі рөл атқарады. Қазіргі таңда Маңғыстаудағы кәсіподақ ұйымдарында жаңаша жүйе қалыптасқан. Облыстық кәсіподақтар орталығы еңбек адамының мүддесін қорғайтын ұйым деңгейіне көтеріле білді. Қазірдің өзінде кәсіподақтар орталығында сегіз салалық бөлім жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді.

Шара басында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы құттықтау сөз сөйлеп, облысымыздың экономикасы мен әлеуметтік жағдайын арттыруға қосқан белсенді үлестері үшін бір топ кәсіподақ мүшелерін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Ақтауда Кәсіподақтар күні атап өтілді

Одан соң Маңғыстау облыстық Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Жанабеков Қайрат Құттыбайұлы әріптестерін төл мерекесімен құттықтады:

Ақтауда Кәсіподақтар күні атап өтілді — Биыл біз осымен үшінші рет «Кәсіподақтар күнін» атап өтіп отырмыз. Бұл күннің жыл сайын қарапайым адам үшін нағыз мереке ретінде қалыптасуына ат салысуға, еңбек әлеуетіне ерекше құрмет көрсетіп, тәлімгерлік дәстүрін жоғары дәрежеде бағалауға күш салатын боламыз. Барша кәсіподақ мүшелерін мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Еліміздің келешегі кемел, дамуымыз жедел болсын!

Мерекелік жиында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының құрмет грамотасы және «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісімен кәсіподақ белсенділері марапатталады. Сондай-ақ, олар облыс әкімі мен облыс маслихатының хатшысының алғыс хаттары табысталды.  Атап айтар болсақ,  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы кәсіподағы, Жаңаөзен «Мұнай құрылысшыларының» біріккен кәсіподақ ұйымы, «Қаражанбасмұнай» АҚ Құрылыс-жөндеу цехы, «Маңғыстауэнергомұнай» Электр жабдықтарын пайдаланудағы кешенді жөндеу өндірістік қызметі, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «Бузачи Оперейтинг Лтд» кәсіподақ комитеті, «МАЭК-Казатомпром», «Ойл Констракшн Компани» т.б. бірнеше ұйым өкілдері марапатқа ие болды.

Салтанатты жиынның соңы «Келешек» жастар қанаты мүшелері мен Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театр өнерпаздары концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Сала ардагерлеріне мерекелік гүл шоқтары табысталып, құрмет көрсетілді.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Суреттерді түсірген автор

Ақтауда Кәсіподақтар күні атап өтілді

Ақтауда Кәсіподақтар күні атап өтілді Ақтауда Кәсіподақтар күні атап өтілді Ақтауда Кәсіподақтар күні атап өтілді Ақтауда Кәсіподақтар күні атап өтілді Ақтауда Кәсіподақтар күні атап өтілді Ақтауда Кәсіподақтар күні атап өтілді Ақтауда Кәсіподақтар күні атап өтілді Ақтауда Кәсіподақтар күні атап өтілді