WhatsApp-free

Қазақстандық министрлер мемлекеттік орган ғимаратында смартфон қолдануға тыйым салу жайлы айтылған құжаттың түпнұсқа екенін растады.

Бұл тәртіп не үшін қажет? Шенеуніктердің мұндай шорт шешім қабылдауына соңғы кездері қызметтік құпия мәліметтердің жалпақ жұртқа тарап кетуі түрткі болуы мүмкін. Сақтық үшін істеліп жатқанын министр де растады. Айтуынша, өзі он жылдан астам қарапайым телефонды қолданып келген. Сондықтан дүйім жұртқа да солай істеуге кеңес берді.  Құпия ақпараттар таралу қаупімен қатар адам денсаулығынада зияны бар.

Смартфондағы сурет немесе мәтін біркелкі емес. Мәселен, өте ұсақ қаріпті оқу үшін міндетті түрде оны көзге жақындатамыз. Осы құбылысты зерттей келе ғалымдар 1997 жылға (бұл кезде смартфондар енді ғана шығып жатқан болатын) қарағанда қазіргі таңда смартфон қолданатын болғандықтан көру қабілеті 35%-ға нашарлап кеткендігін айтып, дабыл қағуда. Бұл зерттеуді көз хирургы әрі «Фокус» деп аталатын лондондық клиниканың құрушысы Дэвид Алламби жүргізіпті. Дэвид өзінің еңбектерінде бұл құбылысты «экрандық алыстан көрмеушілік» деп те атайды екен.

Алыстан көре алмаушылық пен миопия адамда екі фактор бойынша кездесуі мүмкін: біріншісі – тұқым қуалаушылық фактор, ал екіншісі – жақын қашықтықтағы затты қайта-қайта қарай беру, мәселен оқу.

Смартфонды қолдану – оқу мен компьютер алдында отырумен бірдей-ақ әсер етеді. Дисплейді көзге жақындатып қарай бастаған кезімізде біз затты я мәтінді көру үшін автоматты түрде көру фокусын реттейміз. Ал бұл көзге үлкен қысым түсіреді дейді ғалым.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Сенаттың үзілісінде бұл құжатқа байланысты сұраққа жауап беру кезінде былай деп айтты:
«Бұл ереже бізге түсіп, жалпы бұл көптеген үкіметте таралған тәжірибе. Меніңше, бұл қалыпты жағдай. Бұл телефонды қолданбаймыз деген сөз емес қой. Сәйкесінше мемлекеттік органдарға кіру кезінде мұндай телефондар белгілі жерлерде қалдырылуы керек, ал кейін шыққанда алып, қолдана бересің. Біз барлық жағдайда планшет қолдандық, үкімет отырысына да сонымен бардық. Бұл планшеттерде отырыста қандай мәселелердің талқыланатыны көрсетілген. Біз оларды тек үкімет отырысында қолданамыз, мұндай планшетті қолдануға рұқсат берілген».

Сонымен қатар мұндай бұйрықтың пайда болғанын ішкі істер министрі Қалмұхамед Қасымов та растады.

WhatsApp мессенджері арқылы ағымдағы жылдың 24 наурызынан бастап барлық мемлекеттік орган ғимаратында келушілер мен қызметкерлердің ұялы құрылғыларды (смартфондар, планшаттер, смарт-сағаттар) қолдануына тыйым салынғаны жайлы жазылған қызметтік хаттың суреті тарап кеткен болатын. Бұл шараның мемлекеттік қызметкерлердің ұялы құрылғыларды қызметтік мақсатта белсенді түрде қолдануы мен қызметтік мәліметтердің WhatsApp арқылы тарауы жайлы деректердің болғаны үшін қабылданғаны жазылған. Сонымен қатар «телефон шалу/жауап беру/sms» жүйесі бар ұялы құрылғыларды қолдануға рұқсат етілетіні де жазылған, бірақ бұл құрылғыларда Интернет-модульдер мен фото-видеокамералар болмауы керек делінген.

Мемлекеттік қызметркерлерге жұмыс орыныда смартфон ұстауға тыйым салынды. Бұл ақпаратты бүгін Сенаттың жалпы отырысына қатысқан бас полицей растады. Смартфонсыз жүруге Ішкі істер министрлігінің «Күзет» қызметімен қадағаланатын барлық мемлекеттік мекемелерде смартфон ұстауға тыйым салынады, деді Қалмұханбет Қасымов.

Сондай-ақ, Ақтау гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлері аталған тапсырманы шұғыл дер кезінде орындады.

Ақтау гарнизоны
әскери сотының аға сот жасаулы
Шауенов Серік Асетуллаұлы