Рухани жаңғыру

Еліміз тәуелсіздік тұғырында «Мәңгілік елдің» іргетесын қалауда. Осы тұста Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы көптің көкейінде жүрген мұратын дөп басып, көңілінен шығып, серпіліс туғызған бағдарлама болды. Ол халқымыздың жарқын болашаққа деген сенімін нығайта түскен құнды құжат.

Бүгінгі таңда бүкіл республикамызда бағдарламадағы негізгі жобалармен кіші бағдарлар кеңінен насихатталып, оны орындауға қызу жұмыстар жүргізілуде.

Жақында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының Бейнеу ауданында орындалысы туралы» жиын болып өтті. Бас қосуға аудан әкімі және оның орынбасарлары, бөлім басшылары, мекеме, кәсіпорын жетекшілері қатысты. Жиналысты аудан әкімі Б. Әбілов ашып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына тоқталып, түсінік берді. Бұдан соң аудан әкімінің орынбасары Ү. Әмірханова рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде хабарлама жасап, баяндады. Баяндамадан соң аудан аймағында орналасқан қәсіпорындардың басшылары мен өкілдері сөз алып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын еңбек ұжымдары үлкен ықыласпен қолдап отырғандықтарын айтып, осы орайда қолға алып, бітірген жұмыстары мен алдағы кезеңде атқаратын жоба, жоспарларын ортаға салып, пікір алысты.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстаулық полиция тұрғылықты жері жоқ 315 адамды анықтады

Жиын соңында аудан басшысы Б.Әбілов жұмыла жұмыс жасауға шақырып, еңбектеріне табыс тіледі. Рухани жаңғыру елімізді жарқын болашаққа бастайды. Сондықтан да бағдарлама талаптарын басты назардан түсірмеуді қаперге берді.

Өз тілшіміз