«Денсаулық фестивалі» аясында Ақтау қаласында 2017 жылғы 9 қыркүйек күні «Жүру – зиян емес. Жүрмеу — зиян»  ұранымен жаяу жүру марафоны өтеді.

Марафонға қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Жеңімпаздарды  бағалы сыйлықтар  күтеді.

«Шара аясында ұлттық ойындар сайысы, концерттік бағдарлама және тегін медициналық тексерістер  ұйымдастырылады», — деп хабарлайды облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметі.

Марафон Ақтау қаласындағы 15 ш/а «САМАЛ» ТК жанынан бастайды, тіркелу уақыты — сағат 08:00-ден басталады.

Марафонға қатысуға ниет білдірушілер ұйымдастыру комитетіне хабарласа алады: тел: 40-01-09, 33-27-22, 40-59-09

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-ның жабылу салтанатына келген қонақтар болашаққа саяхат жасайды