Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде «Маңғыстау облысы соттарының 2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарған жұмыс қорытындысы және  бес институционалдық реформаның іске асырылу барысы» деген тақырыпта өткен  басқосуда айтылды.

Журналистермен кездесуге азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев, Маңғыстау облыстық сотының судьясы Сәуле Өмірболатова қатысты.Бітімгерлік тәртібімен қаралған іс көрсеткіші өсіп отырМаңғыстау облысы соттарында 2016 жылдың  бірінші  жарты жылдығында барлығы 18 073 іс қаралып аяқталса, 2017 жылдың 6 айында барлығы 20 334 іс аяқталған (оның ішінде қылмыстық істер — 996, әкімшілік — 8295, әкімшілік — 8295, азаматтық — 10399 іс). Аппелляциялық тәртіппен қарауға 150 қылмыстық іс, 130 әкімшлік іс және 655 азаматтық іс түскен.

Алғашқы болып сөз алған азаматтық істер жөніндегі аппелляциялық сот алқасының төрағасы Нұрсапа Махамбетұлы төмендегідей деректер келтірді; есепті мерзімде аудандық және оған теңестірілген соттарға барлығы 11068 арыз түскен. Былтырғы көрсеткіш — 10256, яғни, осы жылы 812-ге өсіп отыр.Осы кезеңде барлығы 10 339 іс қаралып, аяқталған (2016 ж  1ж.ж. 8749 іс). Олардың ішінде 5002 азаматтық іс шешім қабылдаумен (48,4), 3653 арыз (35%) сот бұйрығын шығарумен аяқталған. Істердің санаттарына қарай бөлсек,  тұрғын үй қатынастарынан туындайтын даулар бойынша 1430,алимент өндіру бойынша 874, отбасылық–тұрмыстық қатынастағы даулар бойынша 1545, еңбек даулары бойынша  125 іс, бала асырап алу бойынша 92, шетелдік азаматтарды ҚР аумағынан шығару туралы 29 азаматтық іс қаралған.

Есепті мерзім ішінде бірінші саты соттарымен барлығы 8311 тұлғаға қатысты  8295 әкімшілік іс қаралды. (2016 жылы 1 жартыжылдықта 7880 тұлғаға қатысты  7848 іс). Жалпы қаралған істердің ішінде 159 адамға ескерту жарияланған, әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы 298 сот қаулысы шыққан, 2298 адам әкімшілік қамауға алынған. 3743 кісіге  жалпы 159458236 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл алынған, 912 адам көлік жүргізу құқынан айырылған, 69 іс бойынша қосымша жаза бойынша мүлікті тәркілеу қолданылған, құқық бұзушы ретінде жауапкершілікке 69 заңды тұлға тартылған.

Бітімгерлік тәртібімен қаралған іс көрсеткіші өсіп отыр

Халық арасында жүргізілген түсіндіру-насихаттау жұмыстары бітімгерлік тәртібімен қаралған істердің (медиация, партисипатикалық келісім) көрсеткішін  сақтауға оң әсер етті. Жыл басынан бері 116 қылмыстық, 111 әкімшілік, 439 азаматтық іс, барлығы 666 (2016 жылдың 1 ж.ж.-750) іс медиация  тәртібімен қаралды. Оның ішінде барлық аяқталған  10339 азаматтық істің (4362 талап арыздың) 58-і бітімгерлікке келумен,  29-ы  партисипативтік тәсілмен, 48-і судья-медиатор араласуы арқылы нәтижеге жетті. 165-і дауларды сотқа дейін реттеу туралы пилоттық жобасы аясында қаралған.

-Елбасы ұсынған «100 нақты қадам: Ұлт жоспарының» 20-қадамында мемлекет басшысы барлық сот процестерін дыбыс-бейнетаспа құралдарына жазу міндетін жүктеген болатын. 2015 жылы өңір соттарының 98 пайызы қажетті құралдармен жабдықталса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызды құрады. Сот төрелігін атқаруда қағазбастылықтан арылу мақсатында заманауи технологияларды қолдану арқылы барлық соттарда электронды сот ісін жүргізу жүйесі енгізілген. Сот өндірісіне қатысушылардың істің қозғалысы туралы жедел ақпарат алып, шығарылған сот актілерімен электронды жүйе арқылы танысуына, сот процесіне қатысушылар өз істерінің қозғалысын үйлерінен шықпай-ақ, кез-келген уақытта бақылай алуына барлық мүмкіндіктер жасалды. Есепті мерзімде барлығы 11068 арыз түссе, оның ішінде 10872 талап арызы, немесе  98,2 пайызы «Сот кабинеті» арқылы тіркелді, — деді азаматтық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы  Нұрсапа Примашев.

Басқосуда қылмыстық істер жөніндегі аппелациялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев төмендегідей деректер келтірді; облыс бойынша есепті мерзімде 1000 (өткен жылы 885) адамға қатысты барлығы 870 (2016 ж. 1ж.ж. — 774)  қылмыстық іс қаралып, оның 614-сі бойынша сот үкімі жарияланған. Оның ішінде бас бостандығынан айырылғаны — 185 (26,5%) шартты түрде сотталғандар — 49 (7%), қоғамдық жұмысқа тартылғаны — 100 (14,3%) 6 6  бас бостандығынан шектелгені — 121 (17,4 %) адам болса, 36 (5,2) кісі рахымшылық заңымен босатылды. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты аудандық және оған теңестірілген соттарда 39 адамға қатысты 29 іс аяқталған.

Журналистермен кездесуде Маңғыстау облыстық сотының судьясы Сәуле Өмірболатова сот органдарының БАҚ құралдарымен байланысы, ақпараттық-имидждік жұмыстар, облыстық соттын оқу оралығынында  өткен тренинг, лекция, дөңгелек үстел, семинар сабақтары жайында әңгімеледі.

Болат ҮМБЕТОВ