Team Meeting команда бизнес

Маңғыстаулықтардың назарына!

Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің Маңғыстау  облысы  бойынша  департаменті  хабарлайды:

2017 жылдың 8 ақпанында жергілікті уақытпен сағат 09:00-де Астана қаласы, Абай  даңғылы, 33 «а» мекен-жайы  бойынша  «Дөңгелек  зал» ғимаратында Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің  «2016  жылдағы  жұмыс  қорытындылары,  қызметтің  басым  бағыттары  мен  негізгі  міндеттері  туралы» тақырыбындағы кеңейтілген Алқа  отырысы өткізіледі.

Алқа  отырысы www.kyzmet.gov.kz, www.bnews.kz  және www.baq.kz сайтында онлайн  трансляциясы өткізілетінін  қаперіңізге  береміз.