үшем

Еліміздегі туу көрсеткіші жоғары аймақтардың алдыңғы қатарында тұратын облысымызда биылғы жылы да дүние есігін ашқан сәбилер саны басқа өңірлерден артық болған. Ресми деректерге сүйенсек, еліміз бойынша Маңғыстау облысының туу көрсеткіші 30,49-ды құрап алға шыққан. Бұл туралы облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары Роза Баданова айтты.

00741

Облыстық перинаталдық орталық жүкті, босанатын және босанған әйелдерге перинаталдық және акушерлік көмек көрсету деңгейін 3 сатыға бөледі. Бұл деңгейлер ауыл – аудандық, қалалық және облыстық орталықтарды қамтиды. Облыстық перзентхана — бұл өңіріміздегі үшінші деңгейдегі жалғыз медицина мекемесі болып саналады. Мұнда облыстың барлық аудан-қалаларынан жүктіліктің асқынулары байқалған, жүктілікке дейінгі сырқаттары бар әйелдер дәрігерлік көмек алады. Соңғы жылдары әйелдер арасында олардың өміріне қауіп төндіретін жүрек патологиясы аурулары асқынып тұр. Бұл сырқат әсіресе бала тууға қабілетті 18-46 жас аралығындағы нәзік жандылар арасында көбейіп барады.

Біздің орталықта аймағымыздың аудан-қалаларында тұратын жүктілік кезінде түрлі сырқаттар анықталған әйелдер емделіп, сәбилерін өмірге әкеледі. Облыстық жалғыз орталық болғандықтан, қуанышты жаңалықтар да, қайғылы жәйттер де тіркеліп жатады. Кейбір жағдайларда жүкті әйелдердің түрлі аурулары кеш анықталады. Жүктілік олардың өміріне қауіп төндіріп тұрған кездерде оны тоқтатуға мәжбүр боламыз. Жүктілік өсе беретін болса, ананың денсаулығы нашарлап, өмірі күрт үзілуі мүмкін. Өкінішке орай, бұндай жағдайларда сәби жарық дүние есігін аша алмайды,-дейді облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары Р. Баданова.

dsc_0110

Жүкті әйелдің денсаулығына қауіп төніп тұрған жағдайда индукция жасалады. Яғни іштегі нәресте уақытынан бұрын алдын ала өмірге келеді. Әрине, дәрігерлер шарананың тірі қалуы үшін оның өкпесі дамығанша 33-34 аптаға дейін өскенін күтеді екен. Бірақ, жүктіліктің асқынуы жағдайында әйелге бәрібір индукция жасауға тура келеді. Нәрестеге мүмкіндік бере отырып, жүктілікті тоқтатылады екен. Өйткені, ананың өмірін аман сақтап қалу — басты міндет.

Облысымыз бойынша бала тууға мүмкіндігі жоқ әйелдер бар. Өкінішке орай, өз денсаулықтарымен санаспай, тағдырдан қорықпай сәби сүю үшін тәуекелге баратындар жетерлік. Биыл сондай тағдырлы 16 әйел жүктілікпен тіркелді. Бұл болашақ аналардың барлығы да республикалық орталықтардың қарауында болады, — дейді Р.Баданова.
Қант диабеті, эпилепсия, жүрек ақаулары, қан қысымы бар әйелдерге жүкті болуға болмайды. Сондай-ақ, түрлі жағдайларда сәбилер туа бітті ақаулармен туылады. Бірқатар әйелдер дүниеге мүгедек болып келген шараналарынан бас тартса, кейбіреулері үмітке еріп, үйлеріне алып кетеді. Амал нешік, жалған дүниеде тірлік ету бақыты жазылмаған бейкүнәлар көп ұзамай-ақ келмеске кетеді. Биыл осындай тағдырлы 13 бала өмірге тірі келіп, сосын шетінеген. Дәрігерлер ауыр сырқаты бар нәрестелерді анасының жатырында жатқанда анықтап, оны алып тастауға кеңес берген. Перзенттерін жамандыққа қимағандар өз жандарын қинап ауру сәби босанады. Бұл тәуекелшілдік ананың өміріне аса қауіпті саналады. Биыл қауіпті халге түскен аяғы ауыр әйелдердің саны 80-ді құраған. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағандарымен дәрігерлер мұнайлылық 1 әйелдің өміріне араша тұра алмаған.

Ақ халаттылар қазір медицина мекемелерінде нәзік жандылардың өз денсаулықтарын күтіп, түрлі сырқаттардың алдын алуларына барлық мүмкіндіктер қарастырылған дейді. Облыста медико-генетикалық лаборотория жұмыс істейді, жас шамасына қарай скринингтер жасалады. Биыл екі үшем, 113 бала егіз туылған. Дегенмен, аймағымызда сәбилер өлімі бойынша жоғары көрсеткіш сақталып отыр. Оған халық санының артуы, жүкті әйелдер денсаулығының нашарлығы, болашақ аналардың бала босану интервалын сақтамай, өз денсаулығына немқұрайлы қараулары, жүкті әйелдердің есепке уақытылы тұрмайтындықтары және дәрігерлерге дер кезінде қаралмайтындықтары себеп болуда. Сондай-ақ, соңғы кездері жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар қатары артып барады. Уақытылы дәрігерге қаралмай, медико-генетикалық тексерулерден өтпеу, жүктілік кезінде берілетін кеңестерді тыңдамау — бұның бәрі әйел мен нәрестенің денсаулығына кері әсерін тигізеді. Дәрігерлер ана мен баланың амандығы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады. Бірақ, ең бастысы – тұрғындар өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамаулары тиіс.

Анар Шамшадинова

dsc_0127

dsc_0246

dsc_8783 dsc_1252-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f