Ақтау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жетекшілігімен Ішкі істер департаменті, қарулы күштер бөліністері, төтенше жағдай, денсаулық сақтау және жергілікті атқару органдарының күштері мен құралдарының қатысуымен шұғыл қимылдау қызметтерінің «Маңғыстау- антитеррор – 2016» атты шартты атауымен оқу-жаттығу сабақтары өткізілді.

Оқу – жаттығу өткізу ағымдағы жылдың террорлық қауіп-қатердің «Қызыл» деңгейі жарияланған жағдайында, жаз айларында ҚР-ның қалаларында болған қайғылы оқиғаға негізделді.

Аталған жағдайда террорлық акті салдарын жою мен террористерді залалсыздандыру бойынша Ішкі істер департаментінің арнайы бөліністерінің практикалық әрекеттерінде тұрғын үй секторларында яғни көшелер мен тұрғын үйлерде террорға қарсы іс-қимыл мәселелеріне басты назар аударылды.

Шаралар қорытындылары бойынша Маңғыстау облысы терроризммен күрес бойынша жедел штабының күштері мен құралдарының тұрақты әскери даярлығын қолдау механизмдерін жетілдірудің қажетті басқару шаралары қабылданды.

Қазіргі жағдайдағы террорлық қауіп-қатерлерге нәтижелі түрде қарсы әрекет етуге дайын болуымыз керек және өңір тұрғындары өтіп жатқан шараларға түсіністікпен қарайды деп сенеміз,-дейді ұйымдастырушылар.

Анар Шамшадинова

dsc_8154

2-%d1%81%d0%bc%d0%b8

4-%d1%81%d0%bc%d0%b8

1-%d1%81%d0%bc%d0%b8