Сенбі күні Ақтау қаласында облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жүлдесіне арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында аймақтық турнир өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыстың «Бетпе-бет» кездесуіне Маңғыстау, Қарақия аудандары мен Жаңаөзен қаласы, Қызылсай, Жыңғылды ауылы (2 команда) және облыстық «Жастар» БЖСМ-нан (2 команда) жасақталған барлығы 8 команда қатысып, бақтарын сынады.

img_3065

— «Бетпе-бет» кездесудің ережесіне сай әр команда да 5 балуан күреседі. Жарысқа қатысып жатқан барлық балуандардың дайындығы жақсы. Бұған дейін «Жастар» БЖСМ-ның кубогіне арналған қалалық турнир өткізілген болатын, сол жарысымыз бүгін облыстық деңгейде жалғасын тауып отыр. Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат-жас дзюдошылардың шеберлігін шыңдау, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, татулықты нығайту, — дейді жарыстың бас төрешісі, самбо күресінен ҚР спорт шебері Ерлан Серіков.

Тартысты өткен белдесулердің нәтижесінде командалық есепте бірінші орынды — Маңғыстау ауданының балуандары қанжығалап, жарыс жеңімпазы атанып, кубокті иеленді. Екінші орын — «Жастар» БЖСМ балуандарына бұйырса, үшінші орынға-жыңғылдылық балуандар тұрақтады.

04

— Бүгін жарыс жеңімпазы атанып, туған ауылымызға жеңіс тарту еткенімізге өте қуаныштымыз. Қарсыластарымыз осал болған жоқ, барымызды салып күрестік. Әсіресе, «Жастар» спорт мектебінің командасымен өткен белдесу өте қиын болды, алайда намысты қолдан бермеуге тырыстық. Жарысқа бізді дайындаған бапкеріміз — Жаңғали Нұрдәулетов ағайға алғыс айтамыз. Жалпы өзім 9 жасымнан бастам дзюдомен айналысамын. Осы уақытқа дейін бірнеше облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып, жеңімпаз атандым, — дейді Маңғыстау ауданы командасының мүшесі Кеңшілік Ізтұрған.

Венера МИРЛАН
Суреттерді түсірген Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ

img_3136

03

05

02

img_3103

img_3116

img_3128

img_3231

img_3147

img_3218

img_3206

img_3189

img_3180

img_3168

img_3723