Қазақстанның халқы тілдерінің күні мерекесіне орай, Ақтау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жеке құрам арасында » Қазақстан болашағы — қазақ тілінде» атты байқау конкурс өтті.

Бір ұжымның ынтамағын жарастырған түрлі ұлт өкілдері салт-дəстүрлерін дəріптеп, өнерлерін ортаға салды. Іс шараның басты мақсаты- Қазақстанда тұратын ұлттар достығын нығайтуға, халықтардың салт-дəстүрін, өнерін, мəдениеті мен басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді еркін меңгергенін көрсетуге бағытталды. Байқауға жеке құрамнан құралған 3 топ қатысты. Қатысушылар 3 кезеңнен құралған сайыста тапсырмаларды ойдағыдай орындап, алғыр да жылдам екендіктерін көрсете білді. Алғашқы сайыста өздерін таныстырған топтар кейіңгі кезеңдерде мақал-мəтел айтудан, ұлттық тағамдар əзірлеуден жарысып, өнерлерін көрсетті. Сайыскерлердің шеберлігі, ой-өрісі мен сөз саптауы шараның шырайын келтіріп, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды — қазақ жəне өзбек ұлтынан құралған «Сұңқар» тобы мен «Uzbek mobislyary» тобы, ал 2 орынды орыс ұлтынан өкілдерінен құралған «Көкбөрі» тобы алды. Тіл мерейін үстем етуге атсалысқан сайыскерлер дипломдармен марапатталды. Мемлекеттің тілдің мəртебесін көтеру, елімізде тұратын ұлт өкілдерін ана тілімізге үйрету, салт-дəстүрімізді құрметтеуге тəрбиелеуді мақсат тұтқан шара жоғары деңгейде өтті.

А. САЙЫНОВА
Инспектор басқарма басшысының көмекшісі