«Мұнайлы аудандық Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында  «Мұнайлы ауданында үкіметтік емес ұйымдарының ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру»  әлеуметтік жобасы бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспарын  таныстыру  мақсатында  баспасөз мәлімдемесін өткізді.

Ауданымыздағы Ресурс  орталығының  жұмысы 2013 жылдан бері  атқарылып келеді. Аталмыш орталық  алдағы  уақытта  ауданның өзекті мәселелерін анықтау мақсатында аудан тұрғындарына сауалнама жүргізуді  және сол сауалнама нәтижесінде анықталған мәселелердің   шешілу жолдарын қарастыруды қолға алмақшы. Сондай-ақ…

─ ҚР Президентінің Жолдаулары мен еліміздің жетістіктерін таныстыру, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша  тұрғындар арасында ақпаратттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға бағытталған «Ашық есік» күндерін ұйымдастыру,  аудандық жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, аудан тұрғындары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара ұйымдастыруды   жоспарлап  отырмыз, – дейді   қоғамдық  бірлестік төрайымы Райхан  Дәрібаева.

Отырысқа қатысқан ауыл ақсақалдары аталған орталық бастамаларына бірауыздан қолдау білдіріп отырды. Өзінің ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, ақ батасын берген Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амандық Аллаберген жиын соңында Райхан Дәрібаеваға «Махаббат өрімі» атты кітабын сыйға тартты.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                Әсел ТАҢАТАРОВА