Елорда күніне орай Құрықта шағын футбол алаңы ашылды. Спорт алаңын ауыл әкімінің міндетін атқарушы Е.Құдайсүгіров ашты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Ол ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. 

Құрық ауылында шағын футбол алаңы ашылды

«Елбасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Жергілікті атқарушы органдарға, халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы мәселені шешуді тапсырамын», — деген болатын. 

Бүгінде біз осы тапсырманы орындау мақсатында жұмыстар жасап келеміз. Міне, бүгінгі шағын футбол алаңы спорт сүйер қауымға арналады», — деді Е.Құдайсүгіров.  

Ойын алаңы ашылғаннан кейін, Құрық ауылы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен стритбол, эстафета, арқан тарту, бес асық және қол күрес түрлерінен спорттық сайыстар өтті. 

Құрық ауылында шағын футбол алаңы ашылды

Спорттық іс-шараның нәтижесі бойынша жеңімпаздарға Құрық ауылы әкімінің дипломы мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Құрық ауылында шағын футбол алаңы ашылды

Еңселі Елорда күні ашылған ойын алаңы ел мерейін өсіріп, ауыл балалары мен жастары жасыл алаңды жарыс ауласына айналдырды.

Шынар КЕНДІН

Суреттерді ұсынған Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі